Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең ерекше әрі ең қауіпті бес көпірді білесіз бе?

Опубликовано:

Әлемдегі ең қауіпті әрі ерекше салынған көпірлерді білесіз бе? Нағыз экстремалды сезінгісі келетіндер үшін Youtube-тегі Парадокс арнасына сілетеме жасаған KAZ.NUR.KZ ТОП-5 көпірді назарларыңызға ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Facebook

1. Жапониядағы Есима Охаси көпірі

Есима Охаси көпірі Мацуэ және Сакаиминато деген екі қаланың арасын жалғайды. Оны ұзындығы 1,7 шақырым. Көпір алып кемелердің кедергісіз өтуі үшін төбешік етіп салынған. Егер сіз жол ережелерін бұзбасаңыз, көпір қауіпсіз саналады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

2. Малайзиядағы аспанмен таласқан Лангкави көпірі

Лангкави 2004 жылы салынған. Әлемдегі ең биік, бір тіреуішті көпір саналады. Ол жерден 700 метр биікте тұр. Ал ұзындығы 125 метр, ені 1,8 метр. Көпір тек бір ғана метталды тіреуішке тіреліп тұр.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

3. Қытайдағы Чжанцзяцзе шыны көпірі

Қытайдың Хунань өлкесінле туристер үшін 2016 жылдың тамызында әлемдегі ең биік әрі ең ұзын шыны көпір ашылды. Оның ұзындығы 430 метр, ені 6 метр, биікті 300 метр. Көпір үш қабатты шыныдан жасалған. Ол бір мезетте 800 адамды көтере алады.

Фото: russian.news.cn
Фото: russian.news.cn: Facebook

4. Швейцариядағы Трифт аспалы көпірі

Ол Еуропадағы ең ұзын аспалы көпір. Ұзындығы 170 метр, ені 1 метр. Көпірден Альпы тауларының әсем келбетін тамашалауға болады.

Ол таулы әрі қар көп түсетін аймақта орналасқандықтан, 5 тонна қарға дейін көтере алады. Сондықтан келгісі келген туристерге алаңдауға еш негіз жоқ.

Фото: puteshestvujte-s-nami.blogspot.com
Фото: puteshestvujte-s-nami.blogspot.com: Facebook

5. Пәкістандағы Хуссаини аспалы көпірі

Бұл көпір әлемдегі ең қауіпті аспалы көпір саналады. Өйткені, тақтайлары алшақ орналасқан және үнемі тербеліп тұрады. Гунца өзенінен өту үшін қайта жасалған. Алайда аймақта қатты жел болатындықтан құрылыс жүргені байқалмайды.

Фото: fresher.ru
Фото: fresher.ru: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817558-lemdegi-e-erekse-ri-e-kauipti-bes-kpird-bileiz-be/

pixel