Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сезгендей": Рысбек Аташ марқұм Жанар Хамитоваға қатысты тың деректермен бөлісті

Опубликовано:

Отандық әнші Рысбек Аташ марқұм болған досы Жанар Хамитоваға қатысты тың деректермен бөлісті. Өнер иесінің сөзінше, марқұм әріптесі қыркүйекте бір жаққа кететінін айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Рысбек Аташтың айтуынша, Жанар екеуі жазған ортақ әнді енді басқа қызбен орындауын сұраған.

"Арнаудың" бұрынғы солисі бұл әрекетінің себебін қыркүйекте бір жаққа кетуді жоспарлап қойғанымен байланыстырған. Алайда, Жанар ол кезде нақты қайда кететінін өзі де білмейтінін жеткізген.

"Бүгін ерекше әсерде болдым осы әнді орындағанда. Жанар қасымда тұрған секілді. Әнді орындар алдында айтқан болатынмын: Жанар сезгендей қыркүйекте кетем осы әнді басқа қызбен немесе өзің орында деп көп айтатын. Ән екеуімізге де достарымызға да ерекше ұнайтын.
"Қайда кетесің?" десем "білмеймін" дейтін. Сөйтсем кететін жері осы болған екен ғой. Жеке жазып әнді шығарғаннан кейін келесі күні осындай хабар келді. Жанардың өзі болмаса орындаған әні саханада әлі талай шырқалатын болады деп, қасымда тұрғандай орындадым. Әлі сенбеймін" , - деп жазды Рысбек Аташ Instagram желісінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1817568-sezgendej-rysbek-atas-markm-zanar-hamitovaga-katysty-ty-derektermen-blisti/

pixel