Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ӘЧ-2019: Отандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды

Опубликовано:

Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан алты қазақстандық боксшының қарсыласы анықталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz: Instagram

52 келідегі Сәкен Бибосынов 1/4 айналымда армениялық Артур Оганесянды жеңген еді.

Жартылай финалда Бибосынов Азия ойындарының чемпионы, үндістандық Амитпен кездеседі. 

69 келідегі Абылайхан Жүсіпов ширек финалда Доминикан Республикасының спортшысынан басым түсті. Абылайханның жартылай финалдағы қарсыласы - ресейлік Андрек Замковой. 

75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет 1/4 айналымда армениялық Арман Дарчанянды таза жеңді. Финал жолдамасы үшін таласта Тұрсынбай филиппиндік Эумир Марсиальмен қолғап түйістіреді.

81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов ширек финалда түркиялық Байрам Малканнан айласын асырды. Енді отандасымыз жартылай финалда Олимпиада чемпионы, кубалық Хулио Сезар Ла Крузбен кездеседі. 

91 келідегі Василий Левит 1/4 кезеңде иорданиялық боксшыны айтарлықтай қиындықсыз жеңді. Левиттің жартылай финалдағы қарсыласы - эквадорлық Хулир Сезар Кастиллио Торрес. 

Сондай-ақ, аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалда италиялық боксшыдан өзінің мықты екенін дәлелдеп, енді австралиялық Джастис Хуниге қарсы тұрмақ. 

Бүгін әлем чемпионатында бір күндік үзіліс жарияланды.

Жартылай финал бәсекелері 20 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталады. 

Еске сала кетсек, әлем чемпионатының жартылай финалына алты қазақстандық боксшы шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1817578-c-2019-otandyk-bokssylardy-zartylaj-finaldagy-karsylastary-anyktaldy/

pixel