RU

"Түрі шамамен менікіндей": Танымал айтыскер ақын ұлды болды (фото)

Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты, белгілі айтыскер ақын Сырым Әуезхан ұлды болды. Суырып салма өнерінің шебері екінші рет әке бақытын сезінуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты хабармен Сырым Әуезхан Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Ал, сүйінші! Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын! Алланың берген нығметтері туралы айтқан қандай керемет, екінші мәрте ұлды боп жатырмыз! Баламның түрі, шамамен, менікіндей", - деп жазды ол.

Бұны естіген желі оқырмандары айтыскерді жарыса құттықтады.

"Бауы берік болсын", "Үлкен азамат болсын", "Қуаныштымыз", "Сендей елінің баласы болуын тілеймін", - деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1817600-tri-samamen-menikindej-tanymal-ajtysker-akyn-ekinsi-ret-ke-atandy-foto.html