RU
Заворотнюктың құрбысы актрисаның комадан шыққанын хабарлады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Заворотнюктың құрбысы актрисаның комадан шыққанын хабарлады

Рассказать Вконтакте

Ауруханада жатқан ресейлік актриса Анастасия Заворотнюктың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Бұл туралы оның пиар-директоры Марина Потапова мәлім етті деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Марина бізге Анастасияның сауығып кетуіне мүмкіндік бар екенін жазды. Оның жағдайы айтарлықтай жақсарып, комадан шыққанын жеткізді. Дәрігерлер оның сауығып кетуіне үміттенеді", – деп мәлімдеді актрисаның құрбысы "Московский комсомолец" басылымына.

Оның айтуынша, Анастасияның туыстары "көз тигізуден" қорқып, қандай да бір ресми мәлімдеме беруден бас тартуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анастасия Заворотнюктың ауыр хәлде жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel