Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Аймағамбетов вице-министрге қатысты дауға пікір білдірді

Опубликовано:

Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы қызметкері Анар Қайырбекова вице-министр Фатима Жақыпованың диссертациялық жұмысының жартысынан көбі бөтен ғылыми еңбектерден алынғанын мәлімдеген болатын. Ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәжіліс отырысында аталған мәлімдемеге байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асхат Аймағамбетов. Фото: primeminister.kz
Асхат Аймағамбетов. Фото: primeminister.kz: UGC
"Қазіргі таңда бұл туралы ештеңе ашып айта алмаймыз, себебі олар аталған мәселені құқықтық өріс аясында шешуде", – деді министр.

Айта кетейік, БҒМ Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің бұрынғы басшысы Анар Қайырбекова Фатима Жақыпованың 2009 жылы Қазақ ұлттық университетінде қорғаған диссертациялық жұмысында бөтен ғылыми жұмыстарды сілтемесіз қолданғанын мәлімдеген болатын.

"Жақыпованың диссертациялық жұмысын "Антиплагиат" бағдарламасы арқылы тексеру барысында біреудің мәтіндерін авторына сілтеме жасамай қолдану фактілері анықталды.
258 беттен тұратын диссертациялық жұмыстың жартысынан көбі ресейлік және қазақстандық авторларға тиесілі мәтіндерден тұрады. Оларға сілтеме жасалмаған.
Яғни, Жақыпова өзге біреудің мәтінін өзінікі ретінде берген... 2010 жылы ол ғылым докторы дәрежесін заңсыз иемденді", – деген Анар Қайырбекова вице-министрді доктор дәрежесі мен профессор ғылыми атағынан айыруды ұсынды.

Өз кезегінде, Білім және ғылым вице-министрі ғылыми дәреже берілуінің заңдылығын растайтын барлық құжаттар мұрағатта сақталғанын мәлімдеді. Ол сондай-ақ өзіне тағылған айыпқа байланысты сотқа жүгінгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1817640-ashat-ajmagambetov-vice-ministrge-katysty-dauga-pikir-bildirdi/

pixel