Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық «Алтыншы бекет» телехикаясы халықаралық сыйлыққа ие болды

Опубликовано:

«Хабар» Агенттігінің тапсырмасымен түсірілген «Алтыншы бекет» деп аталатын қазақстандық телехикаясы Молдовадағы тоғызыншы «ТЭФИ-Достастық» халықаралық телевизиялық фестивалінің сыйлығына ие болды.

«Алтыншы бекет» телехикаясы – «ТЭФИ-достастық» сыйлығын иеленді

«Алтыншы бекет» телехикаясы Қазақстанда 2010 жылы қатаң режимдегі түзеу колониясынан жаппай қашпақ болған сотталушылар туралы шынайы оқиға желісімен түсірілген. Сюжет желісі бойынша Ерлан есімді солдат жиырмадан астам қылмыскерді ұстау процесіне қатысады. Қылмыскерлердің бірі - Ақтаудағы ГМ 172/1 түзету мекемесінен мерзімін өтеуші бұрынғы досы Дәурен болып шығады.

«Фильмнің басты мақсаты – Қазақстанның бүгінгі батырларын көрсету арқылы, жастарды шабыттандырып, солдаттарды ерлік іс жасауға рухтандыру», - деді «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина.
«Алтыншы бекет» телехикаясы – «ТЭФИ-достастық» сыйлығын иеленді

«ТЭФИ-Достастық» фестивалі – 2011 жылы құрылған. Биылғы жылдың тақырыбы: «Телехикая – ұлттық телевизиялық жоба ретінде» деп аталды. Төрешілердің назарына 80-ге жуық картина ұсынылды.

Қазақстанның, Ресейдің, Латвияның,Арменияның, Әзірбайжанның, Белорусияның, Өзбекстанның, Украина мен Эстонияның картиналары лауреат атанды.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817642-kazakstandyk-altynsy-beket-telehikaasy-halykaralyk-syjlykka-ie-boldy/

pixel