Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктісі өзінен бірнеше жас кіші әлемдік жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Өзінен бірнеше жас жігітпен бас қосу бүгінде трендке айналды. "Махаббат жасқа қарамайды" деген сөз жұлдыздардың ұраны іспеттес. Өзінен кіші жігітпен бас қосқан арулар қатарында Селин Дион сияқты әншілер көш бастап тұр деп жазады Рамблерге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Хайди Клум және Том Каулитц

Модель мен Tokio Hotel-дің гитарашысының жас айырмашылығы 17 жас.

Бастапқыда аталмыш жұп қарым-қатынасын жасырып баққанымен, паппарацияның арқасында жұрт біліп алды.

2018 жылдың соңында екеуі некелескенін Хайди инстаграмына жариялады. Ғашықтар бір-бірінен мүлдем ажырамай, үнемі бірге жүреді.

Селин Дион және Пепе Муньос

Пепе - Селиннің командасындағы биші жігіт. Атақты әнші жігітінен 16 жас үлкен. Алғашында жұп өздерін жай дос ретінде көрсеткен. Кейіннен сән апталықтарының бірінде екеуінің жұп екені жарияланды.

Приянка Чопра және Ник Джонас

Екі жыл бұрын Приянка мен Ник кездесе бастады. Мумбайдағы шіркеулердің бірінде некелерін қиған олар көптің қызу талқысына түсті.

Приянка жігітінен 10 жасқа үлкен. Алайда жас айырмашылығы олардың бақытты болуына кедергі емес.

Джениффер Лопес және Алекс Родригес

Бұл жұпта алты жас айырмашылығы бар. Дегенмен олар бақытты. Ғашықтар үнемі бірге жүреді. Әнші мен футболшы жақында ғана некелесетіндерін жариялады.

Сэм және Аарон Тейлор-Джонсон

Бүгінгі материалдың жеңімпазы Сэм мен Аарон. Олардың жас айырмашылығы 23 жыл.

Жұптар "Джон Леннон болу" фильмінде танысқан. Сэм киноның режиссері, ал Аарон басты рөлге түскен.

Жұлдыздардың ара-қатынастары тез дамып, бірден үйленді. Олардың екі қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817647-sjiktisi-zinen-birnese-zas-kisi-lemdik-zldyzdar-kimder/

pixel