RU
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар қайта митингке шықты (видео)

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар тағы да митингке шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда митингке шығып, наразылық білдіруін тоқтатпаған көпбалалы аналар мәселесі әлі күнге дейін қаралып жатыр. Әйел адамдарды мұндай әрекетке не нәрсе итермелейтінін елорданың қоғамдық даму басқармасының басшысы Талғат Рахманберді айтып берді деп хабарлайды Zakon.kz-ке cілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Қазіргі уақытта желіде көпбалалы аналардың өз құқықтарын қорғау мақсатында қайта жиналғаны бейнеленген видео тарап жатыр.

Жазба астында митингке шыққан аналарды қолдап-қолпаштап отырған адамдардың пікірін де көруге болады.

"Көпбалалы аналарға жаным ашиды. Германияда тіпті жұмыссыз жүргенде өтемақы алады. Ал мұнда ұлтының, мемлекетінің балаларына ақша төленбейді. Төленсе де, тиын-тебен", - деп жазды оқырмандардың бірі.

Маманның сөзінше, көпбалалы отбасылар мемлекеттің ұсынып отырған бағдарламаларынан бас тартып, оларға үй беруін талап етіп отыр екен.

Осылайша, Рахманбердиев көптеген елордалық тұрғындардың үй алуға кезекте тұрмай, наразылық білдіруді жалғастырып отырғанын алға тартты.

Сондай-ақ, маман олардың басым бөлігінің елорда басшылығының қабылдауында болғандығын атап өтті.

Оларға пәтер алу үшін қажетті талаптар айтылған, алайда көпбалалы аналардың кейбірі оларды орындамаған көрінеді.

Ведомство басшысы пәтерлерді үлестіру заңнамаға сәйкес қатаң түрде жүргізілетінін хабарлады.

  • Ең алғашқы талап - кезекке тұруға қажетті құжаттарды тапсыру.

Егер көпбалалы отбасы баспана алу үшін кезекке тұрмаса, әйел адамдардың пәтер талап етуге құқығы жоқ. Ал митинг пен наразылық шаралар заңсыз әрекет ету болып табылады.

Рахманберді елордада көпбалалы отбасылар мәселесін шешуге белсенді түрде жұмыстар атқарылып жатқынын сөз етті. Жалдамалы пәтерлер тұрғызылып, сондай-ақ, жуырда қызметтің 70 түрін алуға болатын отбасы интситутын қолдау орталығы ашылды.

Басқарма басшысының сөзінше, митингке шыққандардың арасында өз мәселесін шешу үшін басқаларды арандырып отырған адамдар тобы да бар. Себебі олар мәселелерін заңды түрде шеше алмайды.

Сонымен қатар, наразылық білдірушілердің ішінде кезекке тұрмаған немесе жеке кәсібі бар болғаны үшін пәтерге қол жеткізе алмай отырғандар да бар екен.

Сонымен қатар, маман елордада 47 мыңнан астам адам кезекте тұрғанын айтты.

Оның сөзінше, көпбалалы аналар үшін жеткілікті бағдарламалар даярланыпты.

Олардың ішінде адамдарға Солтүстік Қазақстанға көшіп, жұмыс пен баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін "Еңбек" бағдарламасының мүшесі болуға ұсыныс жасалыпты.

Естеріңізге сала кетейік, кеше әйел адам Нұр-Сұлтандағы көпірлердің біріне шығып, жұртты "секіріп кетемін" деп қорқытты.

Tengrinews.kz мәліметінше, елордалық келіншек көпбалалы ана. Ол баспана алуға тізімде тұрғандардың қатарында тегінің жоқ екеніне қарамастан оған үй беруін талап етті.

Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel