RU
"Кір емес": Белсенділер "менструация" сөзін дұрыс аударуды ұсынып отыр

"Кір емес": Белсенділер "менструация" сөзін дұрыс аударуды ұсынып отыр

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда "менструация" сөзінің "етеккір" аудармасын өзгерту туралы өз пікірін білдіру үшін арнайы #кiремес акциясы бастау алды деп хабарлайды Cosmo.kz.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қозғалыс ұйымдастырушыларының пікірінше, "менструация" сөзі қазақ тілінде "етеккір" деп қолданылады. Ол тікелей аударғанда "лас етек" деген мағынаны береді.

Белсенділер басқа сөздер дұрыс аударылса да, ағзадағы бұл табиғи процесс неліктен ластықпен байланысты аударылғанын түсінбей әлек.

Мәселен, эякуляция" қазақша "шалбаркір" деп емес, "шәует шығару" деп айтылады. Дәл сол сияқты "потоотделение" сөзі "теркір" емес, "тер бөліну" деп қолданылады. Дүниеге бала әкелу болса, "балакір" емес, "босану".

Осыған байланысты, ұйымдастырушылар "менструация" сөзін "кір етек" деп қолдану дұрыс емес дейді.

"Осы мәдени қысымнан әйелдер онсыз да "менструация" жайлы айта алмайды. Әрине, кімге болса да "етеккір" деп айтқан ұнамайды ғой.
Бізбен болатын жағдайлар кір емес. Ол денсаулық, есею және аналық. Сондықтан, бұл сөздің басқа, лайықты аудармасы болуы қажет", -деді қозғалыс мүшелері.

Осыған байланысты, белсенділер аталған тақырыпқа байланысты пікір білдіргісі немесе ұсыныс тастағысы келген жандардан kiremes.cosmo.kz сайтына жазуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз
10
3
1
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel