Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев үш айда өз әкімшілігінің басшысын үш рет ауыстырды

Опубликовано:

Қазақстан билігіндегі кадрлық өзгерістерді зерделеген KAZ.NUR.KZ елде соңғы үш айда үш рет, ал бір жылда бес рет президент әкімшілігінің басшысы ауысқанын анықтады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының экс-әкімі Ерлан Қошановты президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады.

Бұл қызметті 28 маусымнан 18 қыркүйекке дейін Қырымбек Көшербаев атқарған. Ол қазіргі уақытта ҚР мемлекеттік хатшысы атанды.

Оған дейін президент әкімшілігі басшысы орындығында Алматының қазіргі әкімі Бақытжан Сағынтаев отырған еді. Ол бұл лауазымда 24 наурыздан 28 маусымға дейін еңбек етті.

Соңғы 12 айда бұл қызметте бес адам отырды.

Мәселен, Әсет Исекешев 2018 жылдың 10 қыркүйегі күні 2016 жылдың 21 маусымынан бастап жұмыс істеген Әділбек Жақсыбековты алмастырды.

Мұндай жағдай елімізде 90-шы жылдардың соңғы тұсында байқалған еді. 1998 жыл мен 1999 жыл аралығында президент әкімшілігінде бес адам жұмыс істеген. Нақтырақ айтқанда, Сарыбай Қалмұрзаев (1997-1998), Владимир Шепель (1998), Ахметжан Есімов (1998), Әлихан Бәйменов (1998-1999), Сарыбай Қалмұрзаев (1999-2002).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1817685-tokaev-s-ajda-z-kimsiligini-bassysyn-s-ret-auystyrdy/

pixel