RU
Бас прокуратура: Әблязов қорқады

Бас прокуратура: Әблязов қорқады

Рассказать Вконтакте

Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов орталық комуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Қазақстанның Әблязовты аңдуды жалғастыратынын сөз етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: kontury.in.ua және көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: kontury.in.ua және көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

"Қазақстан оны аңдуды жалғастырады. Әблязов оны түсінеді сол үшін қорқады. Саяси себептермен қуғынға ұшырағанын айтуды жалғасуда, бірақ оның ісінде ешқандай саясат жоқ.

Осы жылдың шілде айында Нью-Йорк соты Әблязовтың өтірік айтқанын біліп қойып, саяси қудалау туралы дәлелдерін қабылдамады.

Бұған дейін Лондон соты да осындай қорытындыға келді, ол оны алаяқ деп танып, 4 миллиард доллар өндіріп алып, жалған айғақтары үшін 22 айға түрмеге тоғытты", - деді Нұрпейісов.

Ол Ұлыбритания ІІМ Әблязовты "қашқын" дәрежесінен айырғаны үшін оның "Францияға қашып кеткенін" атап өтті.

"Енді (Әблязов-ред.) кезінде өзі алдаған азаматтарымызды шетелде отырып қорқытады. Әблязовқа сенуге болмайды. Ол адамдарды көшеге қасақана заңсыз наразылық акцияларына шығарады.

Біздің азаматтарымыздан ұрлап кеткен ақшадан наразалыққа қатысқандарға төлейді.

Әблязов пен оның сыбайластары - сот тыйым салған экстремистік ұйымның белсенділері - қарапайым адамдарды жаңылыстырып, оларды құқық бұзушыларға айналдырады", - деп толықтырды бас прокуратура өкілі.

Нүрпейісовтың сөзінше, Әблязов бұл уақытта Қазақстан мен басқа мемлекеттен ұрлаған ақшасына Францияда өмір сүріп жүр екен.

"Құрметті отандастар, арандатулшылыққа бой алдырмауға шақырамын. Оның арты - қылмыстық жауапкершілік", -деп түйіндеді Сапарбек Нұрпейісов.
Сіздің реакцияңыз
26
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel