Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өкініп жүрмін ": Жанар Хамитова Нұржан Керменбаевпен не үшін кездескісі келген?

Опубликовано:

16 қыркүйек күні өзінің туған үйінде о дүниеге аттанған әншінің әріптесі Рысбек Аташ марқұмның соңғы өтінішін айтты. Біраз жылдан кейін сахнаға қайта оралған Жанар Хамитова Нұржан Керменбаевпен кездескісі келген екен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Рысбектің айтуынша, Хамитова Нұржан жайлы айтқан сөздері үшін қатты өкініп жүріпті.

Марқұм рухани тұрғыда бір тыныштықты іздеген көрінеді.

"Маған "Нұржанмен кездестірші" деп айтқан. Бұрынғыдай бәріміз отырсақ, сөйлессек дейтін.

"Сосын "Астарлы ақиқатта берген соңғы сұқбатта Нұржанға қатысты қатты айтып қойдым. Сол үшін кешірім сұрағым келеді, соған өкініп жүрмін", - деді.

"Кездездестірші, оған дейін осыны жеткізші" деп жүретін. Соған қарағанда, жанына рухани жағынан бір тыныштық керек болған ғой", - деп еске алды Рысбек Аташ.

Ол араға он бір жыл салып сахнаға оралған Жанар Хамитовамен бірге түсірген бейнебаяндары туралы айтып өтті.

"Жанар Алматыға келгеннен кейін Сиви ханыммен жұмыс істеді. Екеуіміз "Айтқым келеді" деген әнге клип түсірдік. Халық тарапынан жақсы қолдау болғаннан кейін тағы бір "Күннен күнге" деген ән жазылды. Клип те түсірілді", - деді Рысбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1817709-kinip-zrmin-zanar-hamitova-nrzan-kermenbaevpen-ne-sin-kezdeskisi-kelgen/

pixel