Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура халықты ДВК-ның арандатуына ермеуге шақырды

Опубликовано:

Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов ОКҚ-да өткен брифинг барысында қазақстандықтарды арандатушылыққа ермеуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook
"(Мұхтар Әблязов – Ред.) шетелде отырып өзі алдап кеткен азаматтарды дүрліктіруде.

Әблязовқа сенуге болмайды. Ол біле тұра адамдарды көшеге заңсыз наразылық акцияларына шығаруда. Сол акцияларға қатысқаны үшін оларға өздерінен ұрлаған ақшадан төлеп отыр.

Әблязов және оның сыбайластары – сотпен тыйым салынған ДВК экстремистік ұйымының белсенділері – қарапайым адамдарды адастырып, оларды әдейі құқық бұзушыларға айналдырып отыр", – деді Бас прокуратура өкілі.

Оның айтуынша, Аблязовтың өзі осы уақытта Францияда тығылып, Қазақстан мен басқа да елдерден ұрлаған ақшаға өмір сүріп жатыр.

"Құрметті отандастар, сіздерді арандатушылыққа ермеуге шақырамын, оның салдары – қылмыстық жауапкершілік", – деді Сапарбек Нүрпейісов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817711-bas-prokuratura-halykty-dvk-ny-arandatuyna-ermeuge-sakyrdy/

pixel