Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуі ашынасымен көзіне шөп салған төрт балалы әйел елден кеңес сұрады

Опубликовано:

Күйеуі көзіне шөп салған төрт баласы бар әйел көптен көмек сұрады. Ол балаларының әкесін кешіре алмайтынын айтып, ренішін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Ол өзінің жан сырын astana_forum парақшасында ақтарған.

"Қайырлы күн. Сіздерден сұрайын дегенім, күйеуімнің көзге шөп салғанын қалай кешіруге болады?

Ол жасаған ісіне қатты өкінеді, бірақ көз алдыма басқа әйелмен жүргенін ойласам, соның өзінен жаным жайсызданым, жүрегім сыздайды.

Қанша кешірім сұраса да, кешіре алмай жүрмін. Оның үстіне төрт баламыз бар. Не істесем екен? Қандай кеңес бересіздер?", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары келіншекке жанашырлық танытып, түрлі кеңестерін жаудырып жатыр. Олар:

"Сен кешірмесең де, балаларыңыз кешіреді", "Балаларды бұған араластыра көрмеңіз", "Сізді тастап кімге кетті? Жақын құрбыңыз емес пе?", "Кешіріп, қайта қосылғаныңыз дұрыс, балалар үшін", "Жүрегіңізді тыңдаңыз" деген сияқты пікірлерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817721-kjeui-asynasymen-kzine-sp-salgan-trt-balaly-jel-elden-kees-srady/

pixel