RU

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

Қазақстан президентінің жарлығымен Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды деп хабарлдайды Ақорда.

Фото: facebook.com/Kasymbek.Zhenis
Фото: facebook.com/Kasymbek.Zhenis: UGC
"Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", – делінген мемлекет басшысының жарлығында.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин облыс активіне жаңа әкімді таныстырып, оның жұмысына сәттілік тіледі.

"Қарағанды облысы үлкен, өңірдің әлеуеті едәуір. Сізді қолдап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген барлық тапсырмаларын орындайтыныңызға үміттенеміз", – деді Асқар Мамин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1817722-zeis-kasymbek-karagandy-oblysyny-kimi-bolyp-tagajyndaldy.html