RU
Байбек Шымкенттегі сапарына тосқауыл болғысы келгендер туралы айтты

Байбек Шымкенттегі сапарына тосқауыл болғысы келгендер туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек еліміздің үшінші мегаполисі - Шымкентке іс сапармен барып, жергілікті халықпен кездесіп, проблемалық нысандарды аралады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: matritca.kz

Фото: matritca.kz

Бұл туралы Байбек Instagram парақшасында мәлімдеді. Партия төрағасының бірінші орынбасарының жазбасында оның Шымкентке барып келгені хабарланды.

Іс сапары кезінде ол маусым айында өртке орынған Водопьянов көшесіндегі көп қабатты үйде тұрған адамдармен кездесті.

ТЖ-ға дейін үйде 40 отбасы тұрған. Шаһар әкімі Ерлан Айтаханов қалада жаңа көп қабатты үйдің құрылысы басталатынын атап өтті. Жұмыстар шамамен қараша айында басталады екен. Ал құрылыс келесі жылдың соңында бітеді деп жоспарлануда.

Байбектің сөзінше, партия алда бұл мәселені жіті бақылайтын болады. Сонымен қатар, Nur Otan барлық тұрғындардың құқық белгілейтін құжаттарды алуын қадағалайды.

Бұдан бөлек, партия басшысының бірінші орынбасары іс сапары аясында 2015 жылы мегаполиске қосылған қаланың проблемалық шағын аудандарының бірі - "Азат" шағын ауданын қарап шықты.

Алайда, оның тұрғындары енді елдегі ірі қалалардың бірінің тұрғындары болып саналатынына қарамастан, оларда әлі күнге дейін инженерлік коммуникациялар жүргізілген жоқ.

Аудан тұрғындары бірнеше жыл бойы орталықтандырылған электр, газ және сусыз өмір сүреді.

Сондай-ақ, Байбек Шымкент әкімінің оның "Азат" шағын ауданына баруына тосқауыл болғысы келгенін және сол үшін ескерту алғанын да сөз етті.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel