Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі күнде 80 млн адам өледі: Ғалымдар жерді жаулайтын дерт туралы ескертті

Опубликовано:

Ғалымдар жақын арада жер жаһанда қауіпті дерт дендеп, екі күнде 80 млн астам қайтыс болуы мүмкін деген болжам жасады. Бұл туралы uazmi.net-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Күтпеген жаңалықты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеп отыр. Олар мұндай дерт – пандемия деп аталуы мүмкін деген болжам айтты.

"Жер жүзін пандемия дерті жайлауы әбден мүмкін. Тез тарайтын патоген ондаған миллион адамның өміріне балта шауып, көптеген елдердің экономикасын құлдыратып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін", - деді ғалымдар.

Олардың пайымдауынша қауіпті дерт бар-жоғы 36-50 сағаттың ішінде тарауы мүмкін екен. Соның салдарынан әлемде әлеуметтік хаос орнауы мүмкін дейді ғалымдар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817729-eki-knde-80-mln-adam-ledi-galymdar-zerdi-zaulajtyn-dert-turaly-eskertti/

pixel