Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ӘЧ: Екі дүркін әлем чемпионын жеңіп кеткен Ниязбеков финалға шықты

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Дәулет Ниязбеков финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дәулет Ниязбеков. Фото: Qsport.kz
Дәулет Ниязбеков. Фото: Qsport.kz: Facebook

65 келіде белдескен еркін күрес шебері жартылай финалда әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Азия чемпионы – үнді балуаны Баджранг Пунияды жеңді.

Ал оған дейін кілемге шыққан Нұрислам Санаев түркиялық Сулейман Атлыдан айласын асыра алмады.

Дегенмен, жартылай финалға жеткен екі балуанымыз 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817734-c-eki-drkin-lem-cempionyn-zeip-ketken-niazbekov-finalga-sykty/

pixel