Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратурада Әблязовқа қарсы қылмыстық істің мән-жайы айтылды

Опубликовано:

Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерін қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БТА Банкінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовқа қарсы қылмыстық істің мән-жайын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: intellinews.com
Фото: intellinews.com: UGC
"Соңғы уақытта ол әлеуметтік желілерде белсенді. Бірақ ол шын мәнінде кім? Энергетика министрі болды. 1999 жылы ұрлыққа жол бергені үшін қызметінен босатылды. 2002 жылғы шілдеде сот үкімімен бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ бір жылдан кейін бостандыққа шығарылды", - деді Нұрпейісов.

Оның айтуынша, Әблязов бостандыққа шығып, қылмыстық іс-әрекетті жалғастырды.

"2005 жылы ол өзінің бизнес-серіктесі Тәтішевті тапсырыспен өлтіруді ұйымдастарды. Содан кейін ол банкті басып алды және 2006 жылдан 2009 жылға дейін үш жыл ішінде Британ және Виргин аралдарында, Кипр мен бірқатар оффшорларда өзінің коммерциялық компаниялары арқылы ақша қаражатын жымқырудың трансұлттық қылмыстық схемасын жасады.
2008 жылы – БТА Банкінде 226 мың азаматтың депозиттерінен 238 млрд теңге, 397 млрд теңге 44 мың ШОБ салымы, сондай – ақ 21 млрд теңге сомаға 1 млн Қазақстандықтардың еңбекақысы және 300 млрд теңге мемлекеттік компаниялардың депозиттерінен (ұрланған – ред.) Оған қоса 11 млрд теңге – біздің тоғыз зейнетақы қорымыздан. Жалпы шығын 7,5 млрд АҚШ долларынан асады", - деді спикер.

Оның айтуынша, экс-банкир ұрлықтың түрлі сызбаларын қолданды, соның ішінде көп миллиондық несиелерге жалған құжаттар ресімделді, содан кейін жалған құжаттарды жасау арқылы ақша Банктен шығарылды.

"Мысалы, 2008 жылы Әблязов өзінің "Granton Trade LTD" фирмасына 44 млрд теңге бөлді. Кепіл ретінде табиғатта жоқ мұнай жабдығы көрсетілді. Нәтижесінде несие қайтарылмаған, ақша ұрланған. Мұндай схемалардың саны жүздеген. Ол схемалар тек бізде ғана емес, Ресей мен Украинада да қолданылған. Бұл елдерде ол да іздеуде жүр. Ол сол жерде миллиардтарды ұрлап кеткен", - деді ол.

Ол қылмыстық іс аясында 8 айыптау үкімі жасалғанын хабарлады. Бүгінгі таңда 42 адам сотталды. Шет елден оның кейбір сыбайластары өз еркімен оралды.

"Бүгін біз 1 млрд АҚШ долларынан астам сомаға активтерді қайтарып алдық. Әрине, ҚР оны қудалауды қатаң заң аясында жалғастырады", - деп түйіндеді Сапарбек Нұрпейісов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1817752-bas-prokuraturada-blazovka-karsy-kylmystyk-isti-mn-zajy-ajtyldy/

pixel