RU
Ақтөбе облысында 13 жастағы жеткіншек сарайда асылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбе облысында 13 жастағы жеткіншек сарайда асылып қалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында өз-өзіне қол салған жеткіншектің денесі табылды. 7-сыныптың оқушысы сарайда асылып қалған деп хабарлайды "Астана" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: otyrar. kz

Көрнекі фото: otyrar. kz

Қайғылы оқиға Қайыңдысай ауылында болған. 13 жастағы ұлының денесін анасы тауып алған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жұмыстары басталды. Жасөспірімнің бұл қадамға не үшін барғаны анықталып жатыр. Туыстарының айтуынша, жанұяда еш қиындық болмаған. Марқұм жағдайы жақсы отбасыда тәрбиеленген.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұловтың мәліметінше, мектеп оқушысы өлер алдында хат жазып тастамаған. Сол себепті. құқық қорғау органдары баланы өлімге не итермелегінін анықтауы тиіс.

Ол жанұядағы төрт баланың ең үлкені. Осыған дейін Алматы облысында тұрған жанұя қыркүйек айында көшіп кеткен. Жаңа мекенде оқушы да жаңа мектепке барған.

Аталған жағдайдан кейін бірнеше күннен соң жанұя кері қайтып кетті.

Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуованың сөзінше, бала 7- сыныпқа барып жүрген. Ол оқитын мектеп кішіқұрылымды. Сыныптардың бірінде үш баладан ғана оқиды.

Сонымен қатар, маман марқұмның сыныптастарымен де, ұстаздармен де ешқандай проблемасы болмағанын айтады.

Психологтардың сөзінше, суицидтің қауіптілігі оны алдын ала айта алмауда. Алайда оған себеп өте көп болуы мүмкін.

Психолог Ирина Украинцева бұл жағдайда бірнеше факторларды, соның ішінде ата-анасының ойынан шықпадым деп ойлайтын мектеп оқушысының ішкі жағдайын қарастырып көру керек деп отыр. Одан бөлек, суицидке мектептегі кемсіту себеп болуы мүмкін.

Маманның айтуынша, қазіргі балалар барлық сөздерді жүрекке жақын қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
4
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel