RU
Қазақстаннан шыққан тұз ресейліктердің үрейін ұшырды (видео)

Қазақстаннан шыққан тұз ресейліктердің үрейін ұшырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік тұтынушылар қазақстандық ас тұзының ішінен шыны тапқанын алға тартты. Тұздың суда еріп, артынан тұнба қалдыратыны анықталды. Көршілес елдің кейбір дүкендері өнімді саудалаудан бас тартқан деп хабаралайды КТК арнасы.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Ресейлік тұрғындар желіде қазақстандық тұздың видеосымен жарыса бөлісуде. Олар өнімнің неден тұратынын және суда неліктен ерімейтінін анықтауға тырысып жүр.

Сатып алушылардың пікірінше, ол адам денсаулығы үшін зиян. Кейбірі ерігеннен кейін суда қалған ақ түсті тұнбаның шыны екеніне сенімді.

"Ішекке қадалып қалса не болады? Ішек қабырғасына қадалса?, - дейді сатып алушылардың бірі.

Ғаламтордағы дүрбелеңнен кейін кейбір ауқымды ресейлік супермаркеттер қазақстандық тұзды сөрелерден алып тастапты.

Алайда тұзды өндіруші компания оның қауіпті емес екенін және құрамында шынының жоқ екенін айтып, сендіруде.

"Аралтұз" АҚ-ның бизнес-процестерді бақылау және әкімшілендіру басқармасының басшысы Татьяна Козыреваның сөзінше, барлық өнім мелекеттік стандартқа сай. Еріген тұнба - жай ғана минерал болып шыққан.

Қазақстандық компания өкілінің мәлімдеуінше, желідегі шу шығын әкелген. Олар мұның барлығын бәсекелестерінің ісі деп отыр.

Қазақстандық тұздың қауіпті емес екенін дәлелдеу үшін ресейлік тұзбен салыстырылды. Ресейлік тұз да артынан ақ тұнба, астраханит минералын қалдырды.

Істі санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қолға алып, Қазақстаннан шыққан өнімге өз бағасын беретін болады.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
5
4
0
0
0
1
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel