RU

Танымал сауда желісінің өнімінен бір адам уланды

Алматыдағы фаст-фуд саудасының көрігін қыздырып жатқан "Бегемот" сауда желісінің өнімінен бір адам уланды.

Бүгін компанияның Алмалы ауданындағы бір нүктесін тексерген СЭС мамандары жағаларын ұстап қайтты. Жұртшылықты бургердің түр-түрімен жарылқайтын орынның бірде бір құжаты жоқ. СЭС мамандарының Алмалы ауданындағы аты дардай "Бегемот" сауда нүктесінің табалдырығын тоздырғанына біраз болыпты. Жұртты жедел жасалатын тағаммен жарылқап жатқандар тазалық мамандарынан рұқсат алып әуреге де түспеген, бірде-бір құжаты жоқ. Ол аздай, санитарлық жағдай сорақы, тазалық сақталмайды. Содан болар, күні кеше аудандағы нүктелердің бірінен ас алған бір адам уланған.МЕРУЕРТ ҚАСЫМОВА, ТАҒАМ ГИГИЕНАСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:-"Арбатта" 6 дүңгіршек жұмыс істейді. Еш құжаттары жоқ. Олардың бірнешесін біз сотқа бергенбіз. Бірақ көріп тұрғандарыңыздай бәрібір олар жұмыс істеп жатыр. Гигиена сақталмайды, медициналық тексеруден өтпеген. Енді біз прокуратурамен, әкімшілікпен тағы да тексереміз, айыппұлдарын төлейді, сотқа береміз

Жұртты жедел жасалатын тағаммен жарылқап жатқандар тазалық мамандарынан рұқсат алып әуреге де түспеген, бірде-бір құжаты жоқ. Ол аздай, санитарлық жағдай сорақы, тазалық сақталмайды.

Бірақ, бес қаруын сайлап келген СЭС мамандары "Бегемоттың" қожайынын таба алмай, кері қайтты. Телефон арқылы "құжатым түгел" деп бет бақтырмайтын кәсіпкерге қандай да бір шара қолдануға тексерушілердің заңдық қауқары жоқ.Кәсібін дөңгелетсе де, өзі көзге көрінбейтін қожайындарды іздеп табу қиямет мамандар үшін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/181781-tanymal-sauda-zhelisinin-oniminen-bir-adam-ulandy.html