RU
Павлодарда Даниал Ахметовтің қарындасын ұрлап кетпек болды

Павлодарда Даниал Ахметовтің қарындасын ұрлап кетпек болды

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қарындасын Павлодарда ұрлап кетпек болды. Бұл туралы "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Даниал Ахметов. Фото: АгроИнфо. Гульфаз Аубанова. Фото"Окрыленные женщины Казахстана" кітаптан (artstatus-kniga.kz)

Даниал Ахметов. Фото: АгроИнфо. Гульфаз Аубанова. Фото"Окрыленные женщины Казахстана" кітаптан (artstatus-kniga.kz)

Басылым мәліметінше, Гүлфаз Кенжетайқызын қаланың ортсындағы зәулім үйдің қасында ақ көлікке салып, ұрлап кетпек болған. Абырой болғанда, келіншек қашып үлгерген.

Полиция департаменті өңір басшысының туысын ұрламақ болғанын растады.

Полицияда хабарлағандай, келіншекке шабуыл 18 қыркүйек күні жасалған. Қазір "Ұрлау" бабы бойынша сот алды тергеу жұмысы басталды. Полиция арам пиғылды азаматтарды іздестіруде.

Бұл іске қатысты криминалдық полиция үш нұсқаны қарастырып жатыр. Алғашқысы құн талап ету, келесі тұрмыстық жанжал және қаржы-шаруашылық қызмет.

Қарындасының жағдайы жақсы екеніне сенімді болу үшін даниал Ахметов Павлодарға жеке ұшып келді. Қазір әкім Өскемен қаласына оралды.

"Басылымның хабарлауынша, Гульфаз Аубанова бұрын Павлодар облысындағы денсаулық сақтау басқармасында басшылық қызмет атқарған. Ол сондай-ақ, Павлодар қаласының бірнеше медициналық мекемелерінің құрылтайшысы болып табылады.

Айта кетейік, өңірде ШҚО басшысының ұлоының да кәсібі бар.

Басылым мәліметінше, Ахметовтер әулеті 30 жыл бойы өңірде аса беделгі ие болып отыр. Сондықтан, әкімнің қарындасын ұрлауға тек белгісіз немесе жүрек жұтқан жандар баруы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel