RU
Даниал Ахметовтың қарындасы туралы не білеміз?

Даниал Ахметовтың қарындасы туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың қарындасы Гүлфаз Аубанова Павлодардағы медициналық ортаға танымал тұлға. 2015 жылы ол "Қазақстанның қанатты әйелдері" кітабына сұхбат берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлфаз Аубанова. Бақытжан Сағынтаев. Фото: "Звезда Прииртышья" газетінің мұрағатынан

Гүлфаз Аубанова. Бақытжан Сағынтаев. Фото: "Звезда Прииртышья" газетінің мұрағатынан

Гүлфаз Кенжетайқызы 51 жаста.

Өзінің айтуынша, дәрігер болуды бала күнінен армандаған ол акушер-гинеколог мамандығы бойынша медициналық университетті тәмәмдаған.

Өзінің еңбек жолын перзентханадан бастаған. Отыз жастан асқан шақта бас дәрігер болып тағайындалған.

1994 жылы "Данель" перинаталдық үйінің негізін қалады.

2005 жылы мемлекеттік қызметте жұмыс істей бастаған. Ол Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы етіп тағайындалды.

2009 жылы Аубанова Қазақстанның әлеуметтік даму және Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау және фармацевтика қызметі комитетінің басшысы болды. Бұл оның көпшілік білетін соңғы қызметі.
  • Тұрмыста, екі қызы бар.

Ұлттық «Ажар» әйелдердің қоғамдық мойындау сыйлығымен, "Құрмет" орденімен марапатталған, Павлодар қаласының құрметті азаматы.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін белгісіз біреулер Даниал Ахметовтың қарындасын ұрлап кетпек болғаны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel