RU

Павлодарлық полицейдің мәйіті табылды

Павлодар ауданында полиция бөлімі басшысының орынбасары Руслан Оспанов өлі күйінде табылды деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Басылымның хабарлауынша, ведомство полицияның өлгені туралы ақпаратты растады.

Ер адамның мәйіті көп қабатты үйлерде орналасқан гараждан табылғаны айтылуда.

Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр, нәтижесі кейінірек жарияланбақ.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, құқық қорғау органдарының қызметкері өз-өзіне қол жұмсаған.

Марқұмның артында екі баласы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1817845-pavlodarlyk-policejdi-mjiti-tabyldy.html