Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Луина мен өзінен жеті жас кіші жігітінің үйлену тойы қалай өтті? (фото, видео)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнестің жарқын жұлдызы Луина күні кеше сүйіктісімен үйлену тойын дүркіретіп тойлады. Ресми түрде жар атанған әншінің қуанышына өнердегі әріптестері ағылып келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жас жұбайлардың үйлену тойы Алматының орталығында орналасқан қымбат мейрамханалардың бірінде болып өтті.

Қызығы, мерекелік шара ашық аспан астында өткен.

Көпшілік асыға күткен дүбірлі тойда Ерке Есмахан, Жәния Джуринская, Дана Есеева, Мейіржан Туребев, Мақпал Исабекова, Анар Батырхан, Сая Оразғалиева, Дильназ Ахмадиева, Марсель, Әсел Сәдуақасова, Рано Умарова, Жұлдыз Өмірғали және т.б бой көрсетті.

Әріптестерімен қоса, жұлдызды қалыңдықтың өзі де ән салып, сүйіктісіне өлең арнаған.

Оған қоса, үйлену тойы кезінде Луинаның директоры өз сүйіктісіне ұсыныс жасап, көпшілікті таңғалдырды.

Той қонақтары әншінің қуанышындағы суреттер мен видеолармен желіде белсенді түрде бөлісуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1817852-luina-men-sjgen-zigitini-jlenu-tojy-kalaj-tti-foto-video/

pixel