Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойға келген екі әйел тамаққа таласып, төбелесіп қалды

Опубликовано:

Индонезиялық екі әйел той үстінде тамаққа таласып, төбелесіп қалды деп жазады Life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: coconuts.co
Фото: coconuts.coқалды: Facebook

Куәгерлер жанжалды видеоға түсіріп алған.

Роликте қонақтардың шведтік үстел маңында тұрғаны көрінеді. Жасыл түсті киім киген әйел құрамы кокос сүтіне негізделген ащы соусы бар ұлттық тағам - рендангты тәрелкесіне салады.

Алайда ол жанында тұрған басқа ханымға жақпай қалып, қарсыласы тәрелкесіне тамақты өте көп салып алған деп есептейді.

"Сенің ешқандай ұятың жоқ екен! Мынанша тамақпен бүкіл ауылды тамақтандырмақсың ба?", - дейді қызыл түсті киген ханым жасыл түсті киімдегі әйелге.

Ал жасыл түстегі әйел болса бәсекелесін кезексіз кіріп кеткені үшін айыптайды.

Қызыл түсті киімдегі ханым қарсыласының тамақ салынған тәрелкесін тартып алады да, артынша екеуі бір-бірін ұрып, төбелесіп қалады. Мерекенің қалған қонақтары екеуін ажыратуға тырысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817858-tojga-kelgen-eki-jel-tamakka-talasyp-tbelesip-kaldy/

pixel