Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура митингке қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов 21 қыркүйек күні өтетін заңсыз митингке шақырғандарды және оған қатысқандарды қандай жаза күтіп тұрғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Асыловтың үндеуі Қазақстанның Бас прокуратурасының сайтында жарияланған.

Шенеуніктің айтуынша, әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды биылғы 21 қыркүйекте болатын қарсылық акцияларына белсенді шақырып жатыр.
Шақыруды елде тиым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымы таратуда.

Прокурор аталмыш ұйым қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, әлеуметтік және ұлттық алауыздық тудыруға, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақыруға тырысуда деп есептейді.

Бас прокуратура мұндай қылмыстар үшін қарастырылатын қылмыстық жауапкершілік туралы еске салды. Сонымен, әлеуметтік, ұлттық және діни араздықты қоздырғаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға болады.

Азаматтардың, ұйымдардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіргені үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 50 күнге дейін қамауға алу қарастырылған.

Бейбіт жиналыстар мен митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл немесе қамауға алу қарастырылған.

Бас прокуратурада Экстремистік ұйымның қызметін қаржыландыру мен оған қатысу Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын айтты.

"Қатысу дегеніміз тек заңсыз әрекеттерді ұйымдастыру және өткізу ғана емес, сонымен бірге тыйым салынған ұйым идеяларын насихаттау, үгіттеу, жариялау, буклеттер, посттар дайындау, шығару, қағаздар мен жазбаны кез келген жолмен тарату және тираждау, пікірлер және басқа да ақпараттық материалдар арқылы тарату.
Ақпараттық және басқа да қызмет көрсетуге қатысты демеушілік және қайырымдылық, жәрдем ету, айырбастау, сыйға тарту, ақшаны немесе басқа мүлікті беру және жинау, қаржыландыру болып есептеледі", - делінген сайттағы хабарламада

Қазақстандықтарды арандатушылыққа ермей, заңсыз акцияларға қатыспауға шақырады. Өз еркімен экстремистік топқа қатысудан бас тарту қылмыстық жауапкершіліктен босатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817866-bas-prokuratura-mitingke-katysty-kazakstandyktarga-ndeu-zasady/

pixel