Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуіме ұнамайды": Қомақты ақша табатын келіншек елдің кеңесіне жүгінді

Опубликовано:

Айына қомақты қаржы табатын тұрмыстағы келіншек оқырмандардан ақыл сұрады. Әйел адам күйеуі жұмыссыз екенін, оған көп ақша тапқаны ұнамайтынын ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Instagram

Әйел адам жан сырын Instagram желісіндегі Ushbu_hat тобында ақтарды.

Ол күні-түні жұмыс істейтінін, жалақысы 1 млн теңге екенін жасырмады.

"Жақсы үй, қымбат көлік - барлығы да бар. Жолдасым жұмыссыз. Мен оған жұмысқа шық деп талап етпеймін. Себебі, менің табысым бала-шағаға молынан жетеді", - деді тұрмыстағы келіншек.

Жұмысбасты әйел табысты "менікі-сенікі" деп бөлмейтінін, тіпті күйеуінің туыстарына да көмектесетінін жеткізді.

Ол жұмысының ауыр екенін тілге тиек етті.

"Менің жұмысым жауапкершілікті талап етеді. Үнемі есеп-қисаппен жүрсесің. Қатты шаршайың", - деді келіншек.

Тұрмыстағы әйел үйді жинауға уақыты болмайтындықтан, жолдасына ақшаға адам жалдау туралы ұсынысын айтқанын, алайда күйеуі қарсылығын білдіргенін айтты.

"Тазалықты жақсы көремін. Жұмыстан шаршап келген соң, үйді жинастыруға шамам болмайды. Ақшасына адам жалдайын десем, жолдасым "құтырған қатын" деп ұрысып тастады. Кейде күйеуім көп табыс тапқаныма ызаланатын сияқты", - деді ол.

Келіншек кейінгі уақытта жұбайы екеуінің арасында көп жанжал болып жүргенін растады.

"Күйеуім "міндетсінбе" деп айта береді. Ал мен болсам мүлде міндет қылған емеспін. Ұрыс-керістен, айқайдан шаршап кеттім. Жұмыстан бас тартайын ба? Әлде басқа жолы бар ма?" - деген әйел оқырмандардың көмегіне жүгінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817873-kjeuime-namajdy-komakty-aksa-tabatyn-kelinsek-eldi-keesine-zgindi/

pixel