RU
Батарейка жұтып қойған бүлдіршін өлім аузынан қалды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Батарейка жұтып қойған бүлдіршін өлім аузынан қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Англияның Барнсли қаласынан шыққан кішкентай қыз дөңгелек батарейканы жұтып қойып, өлім аузынан әрең дегенде аман қалған деп хабарлайды blog.mednote.life сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Medical Note

Фото: Medical Note

Келеңсіз оқиға Барнсли қаласында болған.

Екі жасар кішкентай тұрғын жұтып қойған батарейка бүлдіршіннің өңешінің үстіңгі бөлігінде тұрып қалып, оны күйдіріп, тесіп жіберген.

Элзи-Роуз Даффи бірнеше ай ішінің ауырып жүрегенін айтқан. Анасы Кирсти Даффи оны дәрігердің қабылдауына жазып қойған. Клиникаға баруға бір күн қалғанда қыздың жағдайы күрт нашарлаған. Алайда әйел адам бүлдіршіннің іші кеуіп жүргендіктен ауырып тұр деп ойлапты.

Бала дәл сол сәтте жоспарланған Шеффилд атындағы ауруханаға барған. Дәрігерлер өңештің үстіңгі бөлігінен үлкен тиынға ұқсас затты анықтады.

Кейінен белгілі болғандай, ол дөңгелек батарейка болып шыққан.

Дәрігерлер бүлдіршін батарейканы ауруханаға бір күн қалғанда жұтып қойған деген болжам жасады.

Фото: blog.mednote.life

Фото: blog.mednote.life

Сөйтіп мамандар қызға ота жасауға шешім қабылдайды. Ал анасына баланың аман қалуы екіталай екенін жеткізген.

"Мен отаның алдында оны бетінен соңғы рет сүйгендей болдым. Абдырап қалдым" , - дейді Кирсти Даффи.

Хирург мамандар қыздың ішкі құрылыстарына зақым келтірмеуге тырысып, батарейканы алып шықты. Отадан кейін бүлдіршін 5 күн жансақтау бөлімінде жатқан. Қазіргі уақытта ол ем қабылдауда.

Дәрігерлердің сөзінше, бүлдіршіннің сілекейімен жанасқан батарейка ащы сілті бөле бастаған. Қыздың тамағы осы себепті ауырыпты.

Кирсти Даффи балақайдың батарейканы қай кезде және қайдан тауып жұтып қойғанын білмейтінін айтады.

"Оған үлкен әпкелері мен бауырларының ойыншықтары себеп болған. Алайда Элзи әркез қолына түскенді аузына салатын балалардың қатарынан емес. Оның басынан осындай жағдай өтеді деп тіпті ойламадым", - дейді Даффи.

Педиатрлар дөңгелек батареялардың адам үшін өте зиянды екенін айтуда. Олар балалардың қолы жетпейтін жерде тұру керек.

Сіздің реакцияңыз
1
3
3
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel