Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кірпікті күнде бояу денсаулыққа зиян болып шықты

Опубликовано:

Әйелдер қауымы тущьті бірнеше уақыттан бері қолданып келе жатыр. Бұл косметикадағы ең негізгілердің бірі. Алайда мамандар тущьті күнделікті қолдану - денсаулыққа зиян екенін айтуда деп жазады Рамблерге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Аталған косметикалық өнімді күнделікті пайдалану - денсаулыққа зиян. Мамандар мәселе өнімнің құрамында ғана еместігін, көптеген әйелдер жарамдылық мерзімі өтіп кетсе де қолдана беретінін айтты.

Оптометрия колледжінің зерттеуінше, сұраққа жауап берген нәзік жандылардың көбісі тущьті қолдану инструкциясын және сақтау мерзімін білмейтін болып шыққан. Тіпті кейбіреулері, бұл өнімде жарамдылық мерзімі болатынын білмепті де.

Дерматолог мамандардың пікірінше, кірпікке үнемі тущь жағу қабынуға, инфекцияның пайда болуына және кірпіктің түсуіне әкеп соғады.

Кейбір тущьтар көзді тітіркендіріп, жас қабықшасына зиянын тигізеді, салдары көзіңіздің құрғап кетуіне әкеледі.

Сондай-ақ, кірпігіңізде демодекс кенесі пайда болып, көзіңізге қауіп төндіруі мүмкін. Тущьтің щеткасының ластануынан кірпігіңізге бактерия түседі. Пайда болған кенеден емделу оңай емес!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817907-kirpikti-knde-boau-densaulykka-zian-bolyp-sykty/

pixel