RU
Сүйіктісі бар екенін аңғартқан Әлішер Кәрімов елді қызықтырып қойды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сүйіктісі бар екенін аңғартқан Әлішер Кәрімов елді қызықтырып қойды (фото)

Рассказать Вконтакте

Әнші Әлішер Кәрімов желіде бір шоқ раушан гүлімен түскен суретін жариялап, елді қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары өнер иесінің ғашығы бар деп топшылаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлішердің жеке өміріне қатысты желі қолданушыларының түрлі болжам жасауына Instagram парақшасындағы оның кезекті жазбасы себеп болған.

"Көзіңе қарасам, түпсіз терең тұңғиықты көремін. Екі адамның бір-бірін сүйгені қандай керемет сезім. Өздеріңіздің жақындарыңыз бен екінші жартыларыңызды белгілеңіздерші. Бәріне махаббат тілеймін", - деп жазды әнші.

Ашл өз кезегінде желідегілер өнер иесінің жүрегін жаулаған арудың кім екенін біле алмай әлек болған.

"Бұл жазбаны кімге арнадыңыз?", "Әлішер сіздің үйлену тойыңыз қашан болады?", "Өз теңіңізді тауып, бақытты болуыңызды тілейміз", "Гүл шоқтарын сүйіктіңізге беретін шығарсыз", "Тойыңызды асыға күтудеміз", "Бақыттың болыңыз" деген тілектерін жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel