RU
Белгілі футболшы 70 мың еуро тұратын сағатынан айырылып қалды

Белгілі футболшы 70 мың еуро тұратын сағатынан айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Франциялық "Ницца" клубы мен Дания құрамасының шабуылшысы Каспер Дольберг ұрлықшылардың құрбаны болды деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, 21 жастағы даниялық ойыншының 70 мың еуро тұратын сағатын киіну бөлмесінде ұрлықшылар қолды қылған.

Бұл жағдайдың осы аптаның басында орын алғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Дольберг жазғы ауысым кезінде амстредамдық "Аякс" клубынан "Ниццаға" ауысқан болатын.

Шабуылшы өткен маусымда голландиялық ұжыммен бірге Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін барды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel