Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келіні өзінен айнымайды": Экс-вице-министр мен тележүргізушінің ұлы шаңырақ көтерді (фото)

Опубликовано:

Белгілі тележүргізуші Гүлбаршын Заирова мен бұрынғы вице-министр Айбатыр Жұмағұловтың ұлы үйленді. Тележүргізуші қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Гүлбаршын Заирова келіні мен ұлына деген жүрекжарды тілегін желіде жазған. Ол онда:

"Махаббаттан жаралғандарымның заңды некелесу рәсімін табиғаттың өзі сүйсініп, көзін ашып, сәулесін шашып, тамашалап тұрды. Мәселе - некенің заңдылығында емес, жүректің тазалығында, пәктігінде, сұлулығында. Өздеріңе лайықты, өздеріңдей сұлу ғұмыр тіледім өздеріңе", - деген жазба қалдырған.

Желі қолданушылары бұрынғы шенеунік пен тележүргізушінің ұлына жылы тілектерін жаудырды.

"Балалар бақытты болсын", "Алла тіл-көзден сақтасын", "Келініңіз өзіңізден айнымайды", "Әдемі жұп", "Бақтары ашылсын" деген тілектерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, танымал тележүргізуші Гүлбаршын Заированың жолдасы Айбатыр Жұмағұлов ұзақ жылдар бойы түрлі мемлекеттік қызметтерде болған.

Бұрынғы шенеунік соңғы екі жылда ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарса, бүгінде ол "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ басқарма басшысы қызметін атқарып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1817924-kelini-zinen-aumajdy-eks-vice-ministr-men-telezrgizusini-ly-sayrak-kterdi-foto/

pixel