RU
Алматы әкімдігінің асханасындағы бағалар Қазнетті таң қалдырды

Алматы әкімдігінің асханасындағы бағалар Қазнетті таң қалдырды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық блогер Аида Жексен өзінің Телеграм-арнасында Алматы әкімдігінің асханасындағы бағалары жазылған менюдің фотосын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Иә, Байбек (Алматының экс-әкім) дұрыс айтқан, 500 теңгеге түстенуге болады екен. Рас, ол үшін Алматы әкімдігінде жұмыс істеу керек немесе айбарлы күзетшілер арқылы кіру керек", - деп жазды ол.

Расыменде, 18-қыркүйекте жазылған бағалар тізімі таңғалдырады.

Асханаға келушілер бірінші тамақты 180-200 теңгеге, екінші тамақты 290-510 теңгеге ала аласа, салқын тағамдар 50 мен 200 теңгенің арасында.

Фото: t.me/JEXENNEWS

Фото: t.me/JEXENNEWS

Сондай-ақ, қонақтарға арзан пісірілген нандар мен десерттер ұсынылады. Ал гарнирлер, соустар мен диеталық тағамдар одан да арзан тұрады.

Сусындар ғана орташа бағада сатылады екен.

Айта кетсек, Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек 2017 жылы оңтүстік астанада бар-жоғы 500 теңгеге тсүтенуге болатынын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
19
9
1
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel