Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хабар" арнасында 90-жылдардағы шоу-бизнес жайлы телехикая көрерменге жол тартпақ

Опубликовано:

«Хабар» Агентігі отандық «шоу-бизнес» ұғымының жаңадан қалыптасқан кездері туралы мелодрама түсіріп жатыр. Бүгінгі таңда «Рауза» картинасының түсірілім жұмысы толығымен аяқталып, өңдеу жұмыстарынан өтуде. Телехикая – 23 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартады. Туындының бас продюсері – Баян Алагөзова.

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы туралы телехикая 23 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартады

Телехикаяда бала кезден әуезді әнге жаны құштар Рауза есімді бойжеткеннің өмірі мен өнер жолында жолықтыратын сан түрлі сәттері суреттеледі. Туындыда отандық шоу-бизестің аяқ алысы, даму кезеңдері, өнерді өмірім деп таңдаған бас кейіпкер Раузаның осы жолда жолықтыратын қиындықтары қамтылады.

Рауза - алып шаһар Алматыдан шалғайда орналасқан ауылдардың бірінде дүниеге келіп, сол ауылда бой түзейді. Бойжеткен - мектеп қабырғасында оқып жүріп ауданаралық жарыстардан жүлделі орындар алады. Атақты композиторлардың көзіне ілініп, Алматыға аттану туралы ұсыныс алады. Өзін тек өнер жолында ғана елестететін қыз – сүйіктісі Ардақтың үйлену туралы ұсынысына қарамастан, Алматыға аттанады.

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы туралы телехикая 23 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартады

Бас қаланың қауырт тіршілігінде асығыңның алшысынан түсуі – лотерея билетінен ұтыс ұтып алумен тең. Ол ұтыс біреуге бұйырса, біреуге бұйырмауы – заңдылық. Арман қуып, сол кездегі еліміздің астанасы – Алматыға келген Рауза - музыкалық училищеге түсе алмай қалады.

Күнкөрістің амалын жасап, біраз уақыт қара жұмыстың басын шалады. Сондай жұмыстардың бірі - мүмкіндігі шектеулі болып қалған мәдениет министрлігінің экс - өкілін күту еді. Рауза сол кісінің нұсқауымен атақты «Гүлдер» ансамбльіне көп ұзамай киім суретшісінің көмекшісі болып жұмысқа орналасады. Әншілікті аңсап жүрген Раузаны сахнадан бір қадамдық бұл қызметі - өнер әлеміне әлдеқайда жақындатқандай болды..

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы туралы телехикая 23 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартады

Жаңа жұмысында бойжеткен Шалқар есімді композитордың үздіксіз қолдауына ие болады. Нәтижесінде, Шалқар Раузаға арнап жоғары сұранысқа ие, қазіргі тілмен айтқанда «хит» әнін сыйлап, бас кейіпкер - әп-сәтте атақ-даңқтың астында қалады. Бірақ, басшылық екеуінің бұл әрекеттерін заңсыз деп тауып, жұмыстан шығару туралы қаулы қабылдайды..

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы туралы телехикая 23 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартады

Бірі талантты әнші, екіншісі дарынды композитор. Бар қиындықты бірге өткеріп келген Шалқар мен Раузаның үкілеген үміттері ақталып, 2000 жж өзінде-ақ, танымалдылықтың тәжін киеді.

Үздіксіз түсірілімдер, концерттер, сұхбаттар, тыңдарманның шексіз махаббаты мен қолдауына ие болғаны соншалық, уақыт өте Рауза «жұлдыз ауруына» шалдығады. Сезімін сабырмен жеңген Шалқар – ішінен тынып, «сүйікті» әншісінің бұрынғы қалпына оралғанын күтумен болады..

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы туралы телехикая 23 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартады

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы туралы телехикая 23 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартады

12 бөлімнен тұратын бұл телехикаядан Жарқынай ШАЛҚАР, Қуаныш КЕРІМҚҰЛОВ, Айдар АСҚАРБЕК, Алмат САҚАТОВ, Роза МҰҚАТАЕВА,Ғазрет ЕРЖАНОВ, Шерхан ПІРНАЗАР, Асан МӘЖИТ, Асқар ЖҰМАБЕК, Айгерім ҚАЙРАТҚЫЗЫ, Зухра САЙПИ, Ақбөпе ӘБДІРАШ, Ақниет МЕЙІРЖАНҚЫЗЫ, Ерлан ӘЛИ және басқа да актерлерді көре аласыздар.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817943-habar-arnasynda-90-zyldardagy-sou-biznes-zajly-telehikaa-krermenge-zol-tartpak/

pixel