Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кореяда бала қағып кеткен қазақстандыққа қатысты сыртқы істер министрлігі пікір білдірді

Опубликовано:

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматының қатысуымен болған Оңтүстік Кореядағы жол апатына қатысты ақпарат берді деп хабарлайды ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook
"СІМ Корея республикасында болған оқиғаны біледі. Әзірге белгілі мәліметтерге сай, Қазақстан азаматы шынымен де баланы қағып, құрбанды жолға қалдырып, оқиға орынан қашып кеткен", - деді СІМ.

Смадияровтың сөзінше, қолда бар ақпараттарға сәйкес, ол адам үшінші елдердің аумағында жасырынып жүр.

"Оның орналасқан жерін білмейміз. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары іздеу жұмыстарын жүргізуде. Ұсталған жағдайда мәселе заң аясында шешілетін болады", - деді Смадияров.

Еске сала кетейік, бұған дейін 20 жастағы қазақстандық азматтың Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында үйіне бара жатқан 7 жастағы баланы көлікпен қағып кеткені хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817948-koreada-bala-kagyp-ketken-kazakstandykka-katysty-syrtky-ister-ministrligi-pikir-bildirdi/

pixel