Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚазҰУ студенті: Байзақова, Нарчаеваларды ақтамаймын

Опубликовано:

Назерке Ахтанова Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің 3 курс студенті. Жас болса да желіде көп оқырман жинап үлгерген ол, онда не себепті танымал болғандығының сырын ашты. Бойжеткен өз замандастары Айжан Байзақова мен Шырын Нарчаевалар туралы да сөз қазғады. KAZ.NUR.KZ тілшісі жас арумен тілдесіп, бүгінгі қазақ қыздарына неліктен көп сын айтылатынын біліп қайтты.

- Назерке біліуімізше, ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің студентісіз. Бұл мамандыққа қалай келдіңіз?

ҚазҰУ-ға түсу менің бала күнгі арманым болатын. Себебі осы мамандыққа мен кішкентай күнімнен бастап қызығушылық танытқанмын. Қазір 3-курс студентімін, бұйыртса магистратураға түсу жоспарым да бар.

- Қыз балалаларға журналист болу қиындау деп жатады. Келісесіз бе? Өзіңізде тұрмыс құру жоспарыңызда жоқ па? Жалпы ерте тұрмыс құруға қалай қарайсыз?

Әр мамандықтың өзіндік қиындықтары мен жақсы жақтары болады. Мен үшін ол мәселе кедергі болмайды деп ойлаймын. Жалпы бәрі адамның өзіне байланысты. Тұрмыс құру туралы жоспарым жоқ, ал ерте тұрмыс құруға деген көзқарасым теріс. Бәрі өз уақытымен болу керек. Алдымен сабақ, кейін отбасы.

- Болашақта отбасы немесе мансапты таңдау қажеттілігі туса, нені таңдайтын едіңіз?

Әрине отбасын таңдаймын, бірақ ондай таңдау болады деп ойламаймын. Болмаса екен деп тілеймін. Қолдан келсе, екеуін де бірге алып жүруге тырысамын.

- Instagramжелісінде өте танымал екеніңізді байқадық. Себебі неде? Қай уақыттан бастап әлеуметтік желіні белсенді түрде пайдалана бастадыңыз?

Оның басты себебі – шынайылық деп ойлаймын. Себебі мен өмірде қандаймын, Instagram желісінде де дәл сондаймын. Жасандылық дегенді ұнатпаймын. Instagram желісін 2015 жылдан бастап жүргізе бастадым. Парақшамда басында суреттеріммен, қызықты видеолармен бөлісе бастадым. Сосын адамдарға мотивация беретін посттар жаза бастадым. Кеңес беру, пайдалы ақпаратпен бөлісуге тырыстым. Осылайша жас та болсам, оқырмандарым бар бойжеткенге айналдым.

- Соңғы күндері қазақ қыздарына деген сын көп айтылады. Мысалы Байзақова, Шырын Нарчаевалар бар. Сол арулардың бәрі сіздердің замандастырыңыз. Қазақ қыздарының осындай деңгейге жетуінің себебі неде?

Байзақова, Шырын Нарчаеваларды ақтамаймын. Мүмкін олардың стильдері сондай шығар немесе өмірде олар басқа адамдар шығар. Instagram желісінде белгілі бір роль ойнап жүрген шығар. Бізге бәрі белгісіз. Сондықтан ешнәрсе деп айта алмаймын.

Қазақ қыздарына сын көп айтылады дейді. Қазақ халқы қыздарды "қызға қырық үйден тыю керек" деген тәрбиемен өсірген ғой? Сондықтан олардың осындай қылықтырын қоғам сынға алды. Ол өз өмірлері, оған біз ешқандай да "бұл ұят, бұл дұрыс емес" деп айта алмаймыз. Әркім өз өміріне, істеген әрекетіне жауап беру керек.

- Болашақта қандай қандай жар боламын деп ойлайсыз?

Әрине әр қыздың жақсы жар, ибалы келін, аяулы ана атану арманы болады. Бұйыртса сондай үлгілі келін болуға тырысамын. Үйдің берекесін әйел адам болғандықтан, жақсы келін болуға тырысамын.

- Әңгімеңізге рахмет!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817966-kazu-studenti-bajzakova-narcaevalardy-aktamajmyn/

pixel