RU
Энергетика экс-вице-министрлеріне қатысты қылмыстық істің мән-жайы белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Энергетика экс-вице-министрлеріне қатысты қылмыстық істің мән-жайы белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы Энергетика вице-министрлері Бақытжан Жақсалиев, Ғани Сәдібеков және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс аяқталуға жақын. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу департаментінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ғани Сәдібеков, Бақытжан Жақсалиев. Фото: aeok.kz, BNews.kz

Ғани Сәдібеков, Бақытжан Жақсалиев. Фото: aeok.kz, BNews.kz

Оның айтуынша, 13 қыркүйекте істің материалдарымен танысу басталды. Аталған іс 2015-2017 жылдары 3,4 млрд теңге сомасына Қарасу көлін тазартуға бөлінген қаражатты жымқыру факті бойынша тергеуге алынды.

"Шамамен 1,8 млрд теңге, сондай-ақ 550 млн теңгеге мүліктер тұтқындалды. Жалпы, іс бойынша шамамен 11 тұлға жауапқа тартылуда", – деп атап өтті Данияр Бегайдаров.

Сонымен қатар, Өзбекстандағы елшіліктің әкімшілік ғимаратының құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру, сыртқы саясат ведомствосының қаржылық іс-шараларын өткізу жөнінде келісім жасау үшін кәсіпкерлерден ірі көлемде бірнеше рет пара алу фактілері бойынша СІМ жауапты хатшысы Анарбек Қарашев пен өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық іс аяқталуға жақын.

Аталған іс бойынша 10 күдіктіге қатысты тергеу жүргізілуде, оның бесеуі ҚР СІМ қызметкері болып табылады.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel