Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяқ-қолы бүтін, жұмыс істеу керек": Көлгінов көпірден секірмек болған ер адам туралы айтты

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен кездесу барысында елордадағы көпірден секірмек болған ер адамның жағдайын қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: facebook.com/groups/proastana
Коллаж: NUR.KZ. Фото: facebook.com/groups/proastana: Twitter
"Жігітке бәрін түсіндірдік. Көпірге шығып, секіремін деп қорқыту, біріншіден өзгелерге нашар үлгі, екіншіден, өзіңнің өміріңді қауіпке тігесің, үшіншіден, сен отбасың үшін жауапты болуың керек. Еркексің ғой! Біз оған осының бәрін түсіндірдік. Жұмысқа тұрғызуға уәде бердік. Көмегімізді аямаймыз", - деді Көлгінов.

Оның айтуынша, жас әрі дені сау ер адам жұмыс істеп, отбасын асырау керек.

"Жұмыс істеу керек, отбасыңа, балаларыңа жауапты болу керек. Әкенің жауапкершілігі болу керек, ол жас, аяқ-қолы бүтін, жұмыс істеу керек. Біз жұмысқа тұруға көмектесетінімізді айттық. Оның екі баласы, әйелі, балаларының бірінің денсаулығында кінәрәт бар. Саған көмектесейік деп айттық", - деп түйіндеді қала басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818000-aak-koly-btin-zmys-isteu-kerek-klginov-kpirden-sekirmek-bolgan-er-adam-turaly-ajtty/

pixel