RU

Із-түзсіз жоғалған Нұр-Сұлтандық барменнің мәйіті табылды

2019 жылы 20-қыркүйекте, сағат 13:30-да "Қосшы" ауылына жетпей, "Қарқаралы" тас жолында жоғалып кеткен Байзуров Әнуар Төлегенұлының мәйіті табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Байзуров А.Т. мәйітін туыстары таныды.

6-қыркүйекте үйінен шығып кетіп, оралмаған Байзуров А.Т. мекен-жайын анықтау үшін Полиция департаментінің жеке құрамы жасақталды.

Денені қарау барысында зорлықпен өлтіру белгілері байқалмаған. Өлімнің алдын-ала себебі асылу жолымен жасалған тыныс алу жолдарының асфиксиясы.

Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

ҚР ҚК 105-бабы "өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әнуар Байзуровтың жұмыстан шыққан соң, үйіне сол күйі оралмағаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1818011-iz-tzsiz-zogalgan-nr-sltandyk-barmenni-mjiti-tabyldy.html