Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келіншек жеңіл жүрісті қыздарға барып, бар табысын соларға шашатын күйеуіне шамданды

Опубликовано:

Елордалық Гүлжайнат есімді келіншек күйеуінің жеңіл жүрісті қыздармен кездесетінін айтып, жан сырын ақтарды. Оның сөзінше, ер адам бар тапқан табысын үш баласына емес, сол қыздарға жұмсайды екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жеңілтектермен жүреді": Үш баланың анасы бар табысын қыздарға жұмсайтын күйеуіне шамданды

Үш баланың анасы күйеуінің телефонынан оның жеңіл жүрісті қыздармен сөйлесіп жүргенін білген. Оның сөзінше, ер адам көңілдестеріне қомақты қаржы жұмсап, өз балаларын асырай алмайды екен.

"Тұрмыс құрғаныма 10 жылдан асты. Қазір некеміздің сәні кетті. Күйеуім жеңілтектермен жүреді. Үш баласын асыраудың орнына бар ақшасын жезөкшелеріне жұмсап жүр. Өткенде телефоны қолыма түсіп, оның күнде әртүрлі қыздармен сөйлесіп жүргенін білдім. Оларға ақша жіберіп тұрады екен. Тіпті, балаларын соларды ойлағандай ойламайды. Жалақысын маған бермей, бір айда ұстап тастайды", - деп ашынды келіншек.

Тығырыққа тірелген әйел түкке пайдасы жоқ, балаларына әкелік мейірімін төге алмайтын адаммен ажырасуды ойлап жүр.

"Осы үшін талай рет ұрысып, жанжалдасқан едік. Бірақ түк шықпады. Амалдың жоғынан ата-анамнан ақша сұрап жүрдім, кейін өзім де жұмысқа шықтым. Қазір мұндай еркектің маған не керегі бар деп жиі ойланамын. Балаларым әкесіз өседі дейтіндей, оларға да әке болып жарытпайды. Отбасымды қанша сақтап қалайын десем де, түбі ажырасумен аяқталатын секілді", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818021-zeiltektermen-zredi-s-balany-anasy-bar-tabysyn-kyzdarga-zmsajtyn-kjeuine-samdandy/

pixel