RU
Шетел азаматы Қазақстанға 12 келі героин алып кірмек болған

Шетел азаматы Қазақстанға 12 келі героин алып кірмек болған

Рассказать Вконтакте

Шетел азаматы Қазақстан арқылы 12 келі героинді алып өтпек болған, алайда ол "Жібек жолы" кеден бекетінде ұстады деп хабарлайды ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ҚМ МКК

Фото: ҚР ҚМ МКК

Ведомство хабарламасында күдіктінінің 20 қыркүйек күні құрықталғаны айтылды. Сондай-ақ, құрықтауға ҰҚК ШҚ "Жібек жолы" ОПТК қызметкерлері де қатысты.

Ұсталған азамат Тәжікстан азаматы болып шықты. Ол өз көлігімен Өзбекстаннан Ресейге Қазақстан арқылы келе жатқан, алайда мемлекетіміздің аумағындағы кедендік бақылаудан өте алмай қалған.

Ынтас пен Рига қызметтік иттерінің мінез-құлықтары кеден бекеті қызметкерлерінің көлікті тексеруіне себеп болған. Көлік инспекциялық-тексеру кешені аппаратының көмегімен қаралды.

Тексеру кезінде жасырын орыннан "Каbut Afghanistan R.C.C." деген жазуы бар 12 пакет табылды.

Сараптама нәтижесі көрсеткендей, ер адам Қазақстан арқылы 12 келі героинді алып өтпек болған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel