Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада мектеп директоры 34 млн теңгені қайда жұмсағанын түсіндіре алмады

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан атындағы №10 мектеп-гимназиясының басшысы фасадты жөндеуге бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғанын түсіндіре алмады деп хабарлайды Астана арнасы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Басылымның хабарлауынша, бөлінген 34 миллион теңге "түсініксіз" қажеттіліктерге жұмсалған.

Іске жемқорлыққа қарсы қызмет пен сондай-ақ Nur Otan партиясы қызығушылық танытып отыр.

Мектеп директоры ғимараттың фасадын жөндеу бойынша нақты қандай жұмыстар жасалғанын түсіндіре алмады.

Сонымен қатар, фасадты жабыстыру қажеттілігі де келісілмеген.

Бір қызығы, гимназияда жөндеу жұмыстары білім және ғылым министрінің келуіне тек бір күн қалғанда жасалды.

"Мұндай нәрсе туралы үндемей қоюға болмайды, мектеп тапсыруға дайын емес деп айту керек. Тіпті министр, әкім, президент келе жатса да", - деп атап өтті Nur Otan партиясы жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Илья Мещериков.

Арна хабарлағандай, ағымдағы жылдың басынан бері елордалық мектептердің 57 директоры жауапкершілікке тартылды, оның бесеуі қызметінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818048-elordada-mektep-direktory-34-mln-tegeni-kajda-zmsaganyn-tsindire-almady/

pixel