RU

Алматы мен Нұр-Сұлтанда рұқсат етілмеген митингті өткізбек болған 57 адам ұсталды

Бүгін, 21 қыркүйекте, Нұр-Сұлтан мен Алматыда заңсыз митингтер өткізу әрекеті анықталды деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ведомствода хабарлағандай, бұған дейін прокуратура қазақстандықтарға заңсыз наразылықтарға қатыспау жөнінде өтініш білдірген, алайда кейбір азаматтар "тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық әрекеттеріне сенді".

"Олардың кейбіреулері басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты құқық бұзушылық әрекеттер жасай бастады", - делінген ведомство хабарламасында.

ІІМ-де қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдады.

Қазіргі уақытта құқық бұзушылық әрекетімен 57 адам ұсталды, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1818063-almaty-men-nr-sltanda-rksat-etilmegen-mitingti-tkizbek-bolgan-57-adam-staldy.html