Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев: Шығыс Қазақстанда жасалып жатқан жұмыстар еш жерде жасалмаған

Опубликовано:

ҚР премьер министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев іс сапармен ШҚО-да болып, аурухана базасында ашылған инсульт орталығына барды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: UGC

Орталықта жабдықталған 15 төсек орнының үшеуі – реанимациялық.

Орталықтың құрылысы кезінде қаражаттың көп бөлігі жаңа жабдыққа, оның ішінде заманауи компьютерлік томографқа жұмсалды.

Жылына инсульт орталығы 600 науқасқа қызмет көрсете алады. Бұл Алтай ауданын ғана емес, сонымен қатар 120 мың тұрғыны бар Катонқарағай және Күршім аудандарын да емдеу үшін жеткілікті.

Вице-премьер жаңа орталықтың жұмысын жоғары бағалады. Оның айтуынша, бұрын соңды аудан орталығында осындай заманауи құрал-жабдықтар жұмыс істеп тұрмаған.

Бұдан басқа, облыста дәрігерлерді оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, 9 маман Ұлыбританияда білім алып, қазір 5-еуі Латвияда оқып жатыр.

"Шығыс Қазақстанда жасалып жатқан жұмыс еш жерде жасалмайды, әсіресе, денсаулық сақтау саласында. Адамдарға қамқорлық жасау - ең бастысы", - деп атап өтті шенеунік.

Сонымен қатар, ол дәрігерлердің жалақысының артатынын айтты. Вице-премьер педагогтар мен медиктер ел бойынша орташа жалақыдан да жоғары жалақыға лайық деп санайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818088-saparbaev-sygys-kazakstanda-zasalyp-zatkan-zmystar-es-zerde-zasalmagan/

pixel