Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекзат Нұрдәулетов бокстан әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

Бокстан Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы алтын медалін иеленді. 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионы атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz: UGC
Финалда өзбекстандық Ділшодбек Рузметовпен кездескен Бекзат қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Төрешілер 5:0 есебін тіркеп, қазақстандық боксшының мықтылығын мойындады.

Бекзат жекпе-жек басталған бетте-ақ қарсыласына соққы жаудырып, үшінші раунд аяқталғанша қарқынын бәсеңдеткен емес. Алма-кезек жұмсалған соққылардың көптігінен кездесу өте тартысты әрі қызықты өткен болатын. 

Нұрдәулетов ұзақ жылдар бойы 81 келіде тізгінді ешкімге бермеген Әділбек Ниязымбетовтің жоқтығын білдірген жоқ. Бұл оның үлкен аренадағы алғашқы ірі жеңісі.

Еске сала кетейік, жартылай финалда Бекзат төрт дүркін әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жеңімпазы Хулио Сезар Ла Крузды ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818113-bekzat-nrduletov-bokstan-lem-cempiony-atandy/

pixel