Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан командалық есепте нешінші орын алды?

Опубликовано:

Бокстан Екатеринбургте өткен әлем чемпионаты аяқталды. Жүлделі алты орын алған Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алды деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz: Instagram

Байрақты бәсекеде алтын медальді 81 келіде өнер көрсеткен Бекзат Нұрдәулетов жеңіп алды. Күміс жүлдені команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев қанағат тұтты.

Төрт боксшымыз жартылай финалдағы жекпе-жектерде сүрініп, қола жүлдеге ие болды.

Олар Сәкен Бибосынов (52 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Василий Левит (91 келі) және Тұрсынбай Құлахмет (75 келі).

Әлем чемпионатында үш алтын, бір күміс, бір қола еншілеген Өзбекстан құрамасы командалық есепте бірінші орынға табан тіреді.

Ал турнир қожайындары екінші орынді місе тұтты.

Ресей құрамасы 3 алтын 1 қола алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818115-bokstan-lem-cempionaty-kazakstan-komandalyk-esepte-nesinsi-oryn-aldy/

pixel