RU

Алматыдағы үлкен базардың бірі өртке оранды

Алматы қаласындағы "барахолка" базарында кезекті рет өрт болды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видеолар тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Видеоның басым бөлігі Instagram желісіндегі kris.p.almaty тобында жарияланды.

Қазақпараттың мәліметінше, өрт Кенжехан базарында 21 қыркүйек күні түнде болған.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер келген уақытта 15 шаршы метрдегі ұялы телефон жабдықтарының бір қабатты павильоны өртеніп жатқан.

"Жақын орналасқан контейнерлерге өрт жайылып кету қаупі төніп тұрды. Адамдардың бар немесе жоқтығы тексерілді», - деді ведомство.

ТЖД хабарлауынша, қызыл жалын он минутта ауыздықталған.

"Қабылданған шараларға сәйкес, жалынның жақын орналасқан бутиктерге таралуының алды алынды. Өрт 00:09-да ауыздықталып, 00:22-де сөндірілді", - деді Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1818117-almatydagy-lken-bazardy-biri-rtke-orandy.html